Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі № 115/18-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 15 тамызда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 541 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 250/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 1 шілдеде N 395 болып тіркелген, 2005 жылғы 5 шілдеде N 90 "Астана хабары", 2005 жылғы 9 шілдеде N 103-104 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған, Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 80/14-IV "Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 12 мамырда N 532 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда N 60 "Астана хабары", 2008 жылғы 20 мамырда N 58 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      Осы шешіммен бекітілген, Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі мынадай мазмұндағы 17 тармақпен толықтырылсын:
      "17. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                  С.Богатырев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                          В.Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады