Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-ІV "Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 198/31-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 27 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 573 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 416/54-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010.12.13 N 416/54-IV шешімімен

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңның 8-бабын , Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңның 1-бабының , 4-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-ІV "Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 05 қарашада N 476 болып тіркелген, 2007 жылғы 08 қарашада N 183, 2007 жылғы 10 қарашада N 184 "Астана хабары", 2007 жылғы 06 қарашада N 177, 2007 жылғы 10 қарашада N 179 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), (2008 жылғы 30 қаңтардағы N 51/8-ІV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-IV "Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 03 наурызда N 492 болып тіркелген, 2008 жылғы 08 наурызда N 32-33, 2008 жылғы 13 наурызда N 34 "Астана хабары", 2008 жылғы 8 наурызда N 27, 2007 жылғы 10 қарашада N 179 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), (2008 жылғы 24 сәуірдегі N 79/14-ІV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-ІV "Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 16 мамырда N 535 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 мамырда N 63 "Астана хабары", 2008 жылғы 20 мамырда N 58 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) шешімнің кіріспесі "мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) осы шешіммен бекітілген Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларында :
       2-тармақтың 3) тармақшасындағы "отбасыларға, алушыларға" деген сөздер "отбасылар мүшелеріне, алушыларға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрайымы                        Н. Петухова

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады