2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 23 маусымдағы N 33-716қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 14 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 538 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 33-408қ Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласының әкімдігінің 2009.04.27 N 33-408қ Қаулысымен
__________________________________

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19,   20, 44-баптарына , "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 563 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту өткізілсін.

      2. 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Алматы және Сарыарқа аудандары шақыру комиссияларының қызметіне басшылық жасау және бақылау мақсатында қалалық шақыру комиссиясы бекітілсін.
      2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы қалалық шақыру комиссиясының мүшелері түрлі себептермен болмаған жағдайда комиссияның резервтік құрамы бекітілсін.

      3. 3-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Алматы ауданы шақыру комиссиясының жеке құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін.

      4. 4-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Сарыарқа ауданы шақыру комиссиясының жеке құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін.

      5. 5-қосымшаға сәйкес Астана қаласы қалалық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін.

      6. "Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмектермен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз етсін.

      7. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын және жұмыссыз азаматтардың (15 адамнан) 2008 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан кезеңінде Алматы және Сарыарқа аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларына келуін қамтамасыз етсін.

      8. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрамалары қатарына шақырылған шақырылушыларды тасымалдау үшін шақыру комиссиясын Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұсынған өтінімдерге сәйкес көлікпен қамтамасыз етсін.

      9. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Астана қаласының Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) 2008 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан кезеңінде шақырылудан жалтарған азаматтарды әкелуді, сонымен қатар шақырылушыларды әскери бөлімдерге жіберу және жеткізуде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.

      10. "Астана станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) темір жол станцияларының отырғызу жерлерінде қоғамдық тәртіптің сақталуына шаралар қабылдасын.

      11. "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын ұйымдастыру жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде жалпыға бірдей әскери міндетті орындауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.

      12. "2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына 18-27 жас аралығындағы азаматтарды шақыруды жүргізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 33-430қ (Астана қаласының Әділет департаментінде 2007 жылғы 26 маусымда N 467 болып тіркелген; 2007 жылғы 5 шілдеде "Астана хабары" газетінің N 110 нөмірінде және 2007 жылғы 6 шілдеде "Вечерняя Астана" газетінің N 117 нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      13. Осы қаулы Астана қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылсын.

      14. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.

      15. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік он күн соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                        И. Тасмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Астана қаласының Ішкі
      істер департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                             М.Ғ. Демеуов
      17 маусым 2008 жыл

      "Көліктегі орталық ішкі
      істер департаментінің Астана
      станциясындағы желілік ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                          Т.Ж. Өтетілеуов
      17 маусым 2008 жыл

      "Астана қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы                Қ.Т. Мыңжанов
      17 маусым 2008 жыл

Астана қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 23 маусымдағы 
  N 33-716қ қаулысына   
1-қосымша        

Қалалық шақыру комиссиясының
құрамы

Мыңжанов Қайрат             - "Астана қаласының Қорғаныс істері
Тұрсынайұлы                   жөніндегі департаменті" мемлекеттік
                              мекемесінің бастығы, қалалық шақыру
                              комиссиясының төрағасы;

Ермеков Тұрсынбек           - "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы,
Өмірәліұлы                    азаматтық қорғаныс, апаттардың және
                              дүлей апаттардың алдын алуын және
                              жоюын ұйымдастыру жөніндегі
                              басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
                              бастығы, қалалық шақыру комиссиясы
                              төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Мұхитов Қайрат              - "Астана қаласының Ішкі істер
Болатұлы                      департаменті" мемлекеттік мекемесі
                              бастығының орынбасары;

Семенова Валентина          - Астана қаласының Қорғаныс істері
Григорьевна                   жөніндегі департаменті бастығының
                              көмекшісі - дәрігер, медициналық
                              комиссияның төрайымы;

Әбділмәжитова Гүлнәр        - N 3 қалалық емханасының медбикесі,
Мұсабайқызы                   комиссия хатшысы.

                                          Астана қаласы әкімдігінің
                                          2008 жылғы 23 маусымдағы
                                             N 33-716қ қаулысына
                                                   2-қосымша

       Қалалық шақыру комиссиясының (резервтік)
                        құрамы

Шабалин Евгений             - "Астана қаласының Қорғаныс істері
Витальевич                    жөніндегі департаменті" мемлекеттік
                              мекемесі әскери қызметшілерді
                              келісім-шарт және шақыру бойынша
                              іріктеу басқармасының бастығы,
                              қалалық шақыру комиссиясының төрағасы;

Маханов Елубай              - "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы,
Маханұлы                      азаматтық қорғаныс, апаттардың және
                              дүлей апаттардың алдын алуын және
                              жоюын ұйымдастыру жөніндегі
                              басқармасы" мемлекеттік мекемесі
                              жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас
                              маманы, қалалық шақыру комиссиясы
                              төрағасының орынбасары.

                    Комиссия мүшелері:

Бейсеев Бақытжан            - "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Халилұлы                      министрлігінің Астана қаласының Ішкі
                              істер департаменті" мемлекеттік
                              мекемесі бастығының орынбасары;

Тян Раиса Петровна          - N 3 қалалық емхананың
                              терапевт-дәрігері, медициналық
                              комиссияның төрайымы;

Әбілғазинова Зәуреш         - N 3 қалалық емхананың медбикесі,
Ғазизқызы                     комиссия хатшысы.

                                          Астана қаласы әкімдігінің
                                           2008 жылғы 23 маусымдағы
                                              N 33-716қ қаулысына
                                                   3-қосымша

          Алматы ауданы шақыру комиссиясының
                        құрамы

Байдәулетов Асылбек         - "Астана қаласы Алматы ауданының
Бекбосынұлы                   Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы"
                              мемлекеттік мекемесінің бастығы,
                              аудандық шақыру комиссиясының
                              төрағасы;

Ержанова Дәмиля             - Алматы ауданы әкімі аппаратының бас
Ержанқызы                     маманы, аудандық шақыру комиссиясы
                              төрағасының орынбасары.

                    Комиссия мүшелері:

Шалданбаев Серік            - "Астана қаласы Алматы ауданы Ішкі
Құмырбекұлы                   істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі
                              бастығының орынбасары;

Козлов Юрий                 - N 3 қалалық емхананың хирург-дәрігері,
Семенович                     медициналық комиссияның төрағасы;

Водилова Зинаида            - N 3 қалалық емхананың медбикесі,
Степановна                    комиссия хатшысы.

      Астана қаласының Алматы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 14.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) белгіленсін.

                                          Астана қаласы әкімдігінің
                                           2008 жылғы 23 маусымдағы
                                              N 33-716қ қаулысына
                                                   4-қосымша

           Сарыарқа ауданы шақыру комиссиясының
                        құрамы

Қасымов Марат               - "Астана қаласы Сарыарқа ауданының
Жаманбайұлы                   Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы"
                              мемлекеттік мекемесінің бастығы,
                              аудандық шақыру комиссиясының
                              төрағасы;

Алпысбеков Бернат           - "Астана қаласы Сарыарқа ауданы
Қанатұлы                      әкімі аппаратының басшысы, аудандық
                              шақыру комиссиясы төрағасының
                              орынбасары.

                   Комиссия мүшелері:

Зикенов Игорь               - "Астана қаласы Сарыарқа ауданы
Ерсайынұлы                    Ішкі істер басқармасы" мемлекеттік
                              мекемесі бастығының орынбасары;

Тян Раиса                   - N 3 қалалық емхананың
Петровна                      терапевт-дәрігері, медициналық
                              комиссияның төрағасы;

Асамбаева Жұпаргүл          - N 3 қалалық емхананың медбикесі,
Жұмажанқызы                   комиссия хатшысы.

      Астана қаласы Сарыарқа ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 9.00-ден 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) белгіленсін.

                                          Астана қаласы әкімдігінің
                                          2008 жылғы 23 маусымдағы
                                             N 33-716қ қаулысына  
                                                   5-қосымша

                Қалалық шақыру комиссиясының жұмыс
                            кестесі

р/с
N№

Қорғаныс
істері
жөніндегі
басқарма-
лар

Комиссияның жұмыс күндері, уақыты -
09.00-ден 18.00-ге дейін

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқ-
сан

1.

Алматы
ауданы

1, 3,
7, 9,
11, 15,
17, 21,
23, 25,
29

5, 14,
19, 23,
28

2, 6,
11, 16,
20, 25

1, 3,
7, 9,
13, 15,
17, 21,
23, 25,
29, 31

3, 7,
12, 17,
21, 26

1, 5,
10, 15,
19, 24,
29

2.

Сарыарқа
ауданы

2, 4,
8, 10,
14, 16,
18, 22,
24, 28,
30

12, 16,
21, 26,
30

4, 9,
13, 18,
23, 27

2, 6,
8, 10,
14, 16,
20, 22,
24, 28,
30

5, 10,
14, 19,
24, 28

3, 8,
12, 17,
22, 26,
31

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады