Астана қаласының жекелеген көшелерін қайта атау туралы

Жаңартылған

Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 маусымдағы N 69 Қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 25 маусымдағы N 231/36-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 30 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 583 болып енгізілді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 04.12.2014 № 110-2043 қаулысы және мәслихатының 11.12.2014 № 312/45-V (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Алматы ауданы бойынша:
      Манас даңғылы - Тәуелсіздік даңғылы болып;
      Мақтұмқұлы көшесінің Абылай хан даңғылынан бастап Мақтұмқұлы көшесіне дейінгі бөлігі - Манас көшесі болып;
      Есіл ауданы бойынша:
      Тәуелсіздік көшесі - Дінмұхамед Қонаев көшесі болып қайта аталсын.
      2. Астана қаласы Алматы және Есіл аудандарының әкімдері, "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.
      3. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және Астана қаласы мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі                         И. Тасмағамбетов

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                                  М. Оралов

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы                                           В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады