Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 76/14-ІV "Астана қаласындағы құрылысы аяқталмаған объектілерден тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру Ережесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы N 269/39-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 15 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 604 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 258/36-V шешімімен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 258/36-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 4343-1 баптарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 76/14-ІV "Астана қаласындағы құрылысы аяқталмаған объектілерден тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру Ережесі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 30 сәуірде N 529 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда N 55 "Астана хабары", 2008 жылғы 28 мамырда N 55 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2009 жылғы 28 мамырдағы N 226/35-ІV "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 11 маусымда N 582 болып тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда N 65 "Астана ақшамы", 2009 жылғы 16 маусымда N 71 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      осы шешіммен бекітілген Астана қаласындағы құрылысы аяқталмаған объектілерден тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру Ережесінде:
      12-тармақтағы "міндетті" деген сөз "тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                         А. Бұлашев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады