Астана қаласындағы құрылысы аяқталмаған объектілерден тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру Ережесі туралы

Күшін жойған

Астана қаласы Мәслихатының 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 76/14-ІV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 30 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 529 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 258/36-V шешімімен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 258/36-V шешімімен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.05.28 N 226/35-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      1. Қоса берілген Астана қаласындағы құрылыс аяқталмаған объектілерден тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру Ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                  С. Богатырев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                          В. Редкокашин

Астана қаласы мәслихатының 
2008 жылғы 24 сәуірдегі  
N 76/14-ІV шешімімен   
бекітілген          

Астана қаласындағы құрылысы аяқталмаған объектілерден
тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Астана қаласындағы құрылысы аяқталмаған объектілерден тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) "Тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 348 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес және "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі N 303-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабы 1-тармағының 2-тармақшасы (бұдан әрі - Заң) негізінде әзірленді және Астана қаласындағы құрылысы аяқталмаған объектілерден тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

2. Астана қаласындағы құрылысы аяқталмаған объектілерден тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру тәртібі

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін орындау үшін Астана қаласының әкімі мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысын белгілейді.

      3. Астана қаласының әкімі жүргізілетін мемлекеттік сатып алуда әкімнің мүддесін білдіретін Астана қаласы әкімдігінің лауазымдық тұлғасын анықтайды.

      4. Мемлекеттік сатып алу жүргізу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әрбір жағдайда жеке комиссия құрады. Комиссия құрамын мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысы анықтайды.

      5. Комиссия құру туралы шешімді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оны алмастырушы адам қабылдайды.

      6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы комиссия құрамына "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партия өкілдерін, депутаттарды және басқа да тұлғаларды олардың келісімі бойынша енгізе алады.

      7. Комиссия құрамына төраға, төраға орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Төраға болмаған уақытта оның қызметін оны алмастырушы адам атқарады. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы керек. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оны алмастырушы дәрежесінен төмен емес тұлға комиссия төрағасы бола алады.

      8. Комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және өз жұмысын комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасалған күннен бастап тоқтатады.

      9. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады, комиссия мүшелерінің отырысына қатысушылардың басым бөлігі дауыс берген жағдайда шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төраға орынбасары дауыс берген шешім қабылданады. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, осы комиссия мүшелерінің кез келген мүшесі ерекше пікірге құқығы бар, пікір жазбаша түрде комиссия отырысының қорытындысы туралы хаттамаға қосымша ретінде ұсынылуы қажет.

      10. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығына ие болмайды.

      11. Комиссия хатшысы комиссия құрылу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның шешімімен анықталады.

3. Әлеуетті жеткізушілерді мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру туралы хабардар ету

      12. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін ұсынудың соңғы күніне дейін он жұмыс күні ішінде:
      1) Заңға сәйкес, уәкілетті орган белгілеген заңды тұлғаға бюллетеньде хабарландыру мәтінін жариялау үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін жіберуге;
      2) тапсырыс берушінің веб-сайтында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін орналастыруға тиісті.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бюллетеньге және тапсырыс берушінің веб-сайтына қосымша ретінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 269/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      13. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру келесі мәліметтерді қамтуы тиіс:
      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының электронды және пошта мекен-жайының толық атауы;
      2) жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік сатып алу жұмысының атауы;
      3) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі және орны, сонымен қатар өтінімдері бар конверттердің ашылу орны, уақыты және мерзімі.

4. Әлеуетті жеткізушіге қойылатын іріктеу критерийлері

      14. Әлеуетті жеткізуші төмендегі талаптарға сәйкес келуі қажет:
      1) бюджеттік қаражаттар есебінен аяқтауға ұсынылатын тұрғын үйдің жалпы көлемі 120 шаршы метрден аспауы тиіс;
      2) тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 115 000 (жүз он бес мың) теңгеден аспауы қажет;
      3) тұрғын үйді сатқан жағдайда объектілердің құрылысын аяқтауға мүмкіндік беретін бос пәтерлердің (тұрғын үй алаңының) болуы.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2010.11.26 N 403/53-IV (Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

5. Өтінімдердің мазмұны және оларды ұсыну

      15. Әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын өтінім төмендегі құжаттарды қамтуы қажет:
      заңды тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші мына құжаттарды ұсынуы қажет:
      әлеуетті жеткізушінің жұмыстарды орындауға құқығын растайтын нотариалдық куәландырылған лицензиялардың немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың көшірмесі және тағы да басқа құжаттар;
      бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушының, сонымен қатар бас бухгалтердің (бухгалтердің) қолы бар соңғы қаржы жылының бухгалтерлік теңгерімінің түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер мемлекеттік сатып алу тәртіптемелері ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін жүргізілетін болса, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылына арналған бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасын немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынуға болады;
      бірінші басшының қолы және банк (банктер) мөрі бар есепшот (тар) туралы банк анықтамасының түпнұсқасы. Егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сонымен қатар шетелдік банк клиенті болып табылған жағдайда, осындай әр банктен осы анықтама ұсынылады. Анықтама әлеуетті жеткізушінің өтінімін тапсырудың соңғы мерзімінен бір ай бұрын алынуы қажет;
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есепке қою туралы куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      статистикалық карточкалардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы ақпаратты қамтитын құрылтайшылық құжаттардан немесе жарғыдан нотариалдық куәландырылған үзінді, немесе конверттерді ашу мерзімінен бұрын 30 күнтізбе күннен кешіктірілмей берілген акция иелерінің тізбесінен нотариалдық куәландырылған үзінді;
      тиісті салық органынан салық берешегінің болмауы немесе болуы туралы үш ай бұрын жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша салық берешегі туралы, бірінші басшының немесе орынбасардың қолы және осы салық органының мөрі бар белгіленген түрдегі анықтаманың түпнұсқасы. Анықтама әлеуетті жеткізушінің өтінімін тапсырудың соңғы мерзімінен бір ай бұрын алынуы қажет.
      осы Ереженің 4-тарауында көрсетілген критерийлерге сәйкестігін растайтын құжаттар.

      16. Егер әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда Қазақстан Республикасының салық органының аталған резидент салықтық есепте тұрмайтындығы туралы анықтаманың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі:
      1) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, әрекетке қабілетті жеке тұлға болып табылатын әлеуметті жеткізуші мынадай құжаттарды ұсынады:
      жеке куәлігінің немесе төлқұжатының, не болмаса ішкі істер органдарының жеке басын куәландыратын құжаттарын ауыстыруға қабылдау туралы анықтамаларының көшірмесі;
      әлеуетті жеткізушінің жұмыстарды орындау үшін (кәсіби біліктілігін растау үшін) берілген құқығын растайтын нотариалдық куәландырылған лицензиялардың және/немесе патенттердің, дипломдар, сертификаттар, куәліктер, және тағы басқа құжаттар;
      заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік орган берген құқық беретін құжатты нотариалдық куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасау үшін азаматтық құқығы бар екендігін растау үшін);
      2) тапсырылған жұмыстардың тізімі, сонымен бірге:
      тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық сипаты, сапалы және пайдалану мінездемесі (техникалық ерекшелігі);
      тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сандық көрсеткіші;
      тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету орны, шарттары және мерзімі (кезеңдері);
      тауарларға қызмет көрсетуге арналған тауар (жұмыс, қызмет) сапасына ұсынылатын кепілдердің мерзімі мен (немесе) көлемі, тауарларды пайдалануға берілген (қажет болған жағдайда) шығындар;
      3) сонымен қатар, мынадай құжаттар ұсыну керек:
      шарттық баға ведомості;
      ағымдағы бағалардағы материалдар қажеттілігінің есебі;
      жұмыстардың орындалу кестесі.

      17. Әлеуетті жеткізуші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысына қатысу үшін өтінімін тігілген, барлық беттері нөмірленген және соңғы беті оның қолымен және мөрімен куәландырылған түрде (жеке тұлға үшін мөрі бар болса) ұсынады.

      18. Мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші қатысуға өтінімді жабылған конверт түрінде ұсынылу мерзіміне дейін жеткізу қажет, конверттің сыртында әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекен-жайы ("кешіккен" жағдайда тапсырған өтінімді ашылмаған күйі қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық мекен-жайы мен пошталық индексі, мемлекеттік сатып алудың атауы көрсетілуі тиіс.

      19. Өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін ұсынылған өтінімдер, өтінімдерді тіркеу журналында тіркеледі.

      20. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы өтінімдерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
      1) мемлекеттік сатып алудың атауы мен жүргізу мерзімі;
      2) тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен олардың пошталық мекен-жайы;
      3) әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекен-жайы;
      4) қатысу өтінімі бар конверттің тіркелу мерзімі және уақыты;
      5) әлеуетті жеткізушінің қатысу үшін берілген өтініміне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат.

      21. Қатысу өтінімдерін тіркеу журналы тігілген, барлық беттері нөмірленген және мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушысы өкілінің әр бетке қол қойылған болуы қажет, қатысуға арналған өтінімдерді тіркеу журналының соңғы беті мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушының мөрімен бекітілуі қажет.

6. Қатысуға өтінімі бар конверттерді ашу және қарастыру

      22. Қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген күнде, уақытта және орында комиссия мүшелерінің басым көпшілігінің, сонымен қатар әлеуетті жеткізушінің немесе олардың өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен комиссиямен жүзеге асады.
      22-1. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқаннан кейінгі келесі бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссия хатшысы тиісті хаттама жасайды.
      Ескерту. 6-тарау 22-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2010.11.26 N 403/53-IV (Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      23. Егер өтінімдері бар конверттерді ашатын күні комиссия мүшелерінің қажетті саны, комиссияның хатшысы болмаса, онда комиссияның төрағасы, ал төраға болмаған жағдайда комиссиясы төрағасының орынбасары конверттердің ашылуына дейін үш сағат бұрын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкіліне жазбаша түрде хабарлайды, ол конверттерді ашу тәртіптері басталғанға дейін комиссияның болмаған мүшелерінің, комиссия хатшысының орнын алмастыру туралы, алмастыру себептерін көрсетіп шешім қабылдайды.

      24. Ашылуға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бекіткен мерзімінде ұсынылған қатысу өтінімдері бар конверттер жатады.

      25. Қатысу өтінімдері комиссиямен қатысу өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде комиссиямен қарастырылады. Комиссия өтінімдерді қарастыруды қорытындылайды және жоғарыда аталған мерзімге сәйкес өтінімдерді қарастыру қорытындысы туралы хаттама дайындайды.

      26. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы өтінімдерді қарастыру қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
      1) хаттаманың мәтінін веб-сайтта орналастыруға;
      2) Заңға сәйкес уәкілетті органмен белгіленген заңды тұлғаға бюллетенде жариялау үшін өтінімдерді қарастыру қорытындысы туралы ақпаратты жіберуге міндетті.

      27. Хаттамадағы өтінімдерді қарастыру қорытындысы туралы мәліметтер мен веб-сайтта орналасқан мәліметтер барлық мүдделі тұлғалар танысу үшін қолжетімді және тегін болуы керек.

7. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді мемлекеттік
сатып алу шартын жасау

      28. Тапсырыс беруші жеткізушіге азаматтық заңнамаға және ережелерге, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттерді орындауға сәйкес құрылған мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жобасының тапсырыс берушінің қолы қойылған және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілінің әр бетіне қолы қойылған екі данасын ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады