Ақкөл және Целиноград аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтерін қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № а-13/533 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-19-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 20 қаңтарда № 3346 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селосы», «селолық» деген сөздер «ауылы», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабына сәйкес, Ақкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 мамырдағы № А-5/135 қаулысы мен Ақкөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 1 маусымдағы № С-19-6 шешімі, Целиноград ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 шілдедегі № 152, 2009 жылғы 22 шілдедегі № 153 қаулылары және Целиноград аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі № 136/21-4, 2009 жылғы 22 шілдедегі № 137/21-4 шешімдері негізінде және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2009 жылғы 29 маусымдағы, 2009 жылғы 30 қыркүйектегі шешімдеріне байланысты Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының келесі елді мекендері мен ауылдық округтерінің атаулары қайта аталсын:
      1) Ақкөл ауданы бойынша:
      Урюпин ауылдық округінің Красный Бор ауылы Талқара ауылына;
      Искра ауылдық округінің Искра ауылы Қына ауылына;
      Искра ауылдық округінің Степок ауылы Қарасай ауылына;
      Искра ауылдық округі Қарасай ауылдық округіне.
      2) Целиноград ауданы бойынша:
      Луговое ауылдық округінің Луговое ауылы Тасты ауылына;
      Луговое ауылдық округі Тасты ауылдық округіне;
      Приозерное ауылдық округінің Приозерное ауылы Родина ауылына;
      Приозерное ауылдық округі Родина ауылдық округіне;
      2. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     А.Рау

      Ақмола облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       А.Куликов

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады