Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген салық ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 30 наурыздағы № С-22/10 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қалалысының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 мамырда № 1-1-103 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № С-16/16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 23.04.2013 № С-16/16 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 422-бабына , Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық Кодексі) іске енгізу туралы» Заңының 36 бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Осы шешімнің № 1, 2 қосымшаларына сәйкес базарларда (базарлардың аумағында орналасқан стационарлық жайларда жалға алу келісім шарты бойынша өткізуден өзге жағдайларда), сондай-ақ, ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың құны бекітілсін.
      2. № 3 қосымшаға сәйкес Көкшетау қаласының аумағында кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнайы салық тәртібі бойынша тіркелген салық ставкалары бекітілсін.
      3. Көкшетау қалалық мәслихатының «Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» 2008 жылғы 20 наурыздағы № С-9/16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-1-81 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 10 сәуірде «Көкшетау» № 16 және 2008 жылғы 10 сәуірде «Степной маяк» № 16 газеттерінде жарияланған) шешіміне енгізілген өзгерістермен: Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 4 қырқүйектегі № С-14/21 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-1-87 болып тіркелген, 2008 жылғы 9 қазанда «Көкшетау» № 42 және 2008 жылғы 9 қазанда «Степной маяк» № 42 газеттерінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының                     Ә.Баймағамбетов

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы                 Қ.Мұстафина

      КЕЛІСІЛДІ:

      Көкшетау қаласының
      әкімі                                  Б.Сапаров

      Ақмола облысы бойынша
      салық департаменті
      бастығының м.а.                       А. Есполов

Кө кшетау қ алалы қ м ә слихатыны ң
2009 жылғ ы 30 наурызда ғ ы
№ С-22/10 шешіміне №1 қ осымша

Базарларда (базарлардың аумағында орналасқан стационарлық жайларда жалға алу келісім шарты бойынша өткізуден өзге жағдайларда) тауар өткізу бойынша біржолғы берілетін талондардың құны


р/р

Тауардың атауы

Біржолғы берілетін талонның 1 күнге арналған құны (теңгемен)

Сөрелерден,
шатырдан

Киоскіден, бутиктерден

Контейнерлерден 20
және
одан
астам тн.

Автокөліктерден

1.

Азық-түлік тауарлары:

1)

Көкөністер мен жемістер:


Бөлшекті сауда

150

250

540



Көтерме сауда

210

250

540


2)

Ет және ет өнімдері, теңіз өнімдері

370

370

540


3)

Сүт өнімдері (ірімшік,  май және т.б.)

160

250

540


4)

Кондитерлік өнімдер

190

250

540


5)

Жаңа ауланған балық

120

250

540


6)

Бал

290

290

540


7)

Басқа азық-түлік тауарлары

170

250

540


2.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар:

1)

Темекі бұйымдары

450

450

450


2)

Қосалқы автобөлшектер (жаңа)

300

300

350


3)

Қосалқы  автобөлшектер, металды -шаруашылық тауарлары

140

250

350


4)

Электрлік-тұрмыстық құралдар, шаруашылық тауарлары

150

250

350


5)

Табиғи тері мен былғарыдан жасалған бұйымдар

330

330

350


6)

Жасанды терілерден жасалған бұйымдар

200

250

350


7)

Аяқ киім

190

250

350


8)

Киімдер

170

250

350


9)

Гүлдер

150

250

350


10)

Алтын және күмістен жасалған зергерлік  бұйымдар

330

330



11)

Сырлы бояу, өңдеу, құрылыс заттары

170

250

350


12)

Кілем бұйымдары

250

250

350


13)

Басқа да азық-түлікке жатпайтын  тауарлар

170

250

350


14)

Жүк көтергіші бар автокөліктерден түсірілетін азық-түлік және азық – түлікке жатпайтын тауарлар:

5 тоннаға дейін




350

5 тоннадан жоғары




500

15)

Автокөлік құралдары(1 бірлік үшін)

150

(жұмыс күндері көлік бірлігі үшін 50 теңге)

3.

Басқа да жұмыстар мен қызметтер

170

170



Көкшетау қалалық мәслихатының 
2009 жылғы 30 наурыздағы    
№ С-22/10 шешіміне № 2 қосымша

Ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың құны

р/р

Қызмет түрі

Біржолғы талонның 1 күнге арналған құны (теңгемен)

1

Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы):


1)

Газеттер мен журналдар

20

2)

Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары (көшеттер);

30

3)

Бақша дақылдары;

200

4)

Саяжай және үй жанында өсiрiлген тiрi гүлдер;

40

5)

Үй жанындағы қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбаншылық, баушылық және саяжай  учаскелерiнiң өнiмдерi

40

6)

Жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп

40

7)

Сыпыртқылар, сыпырғыштар, орман жидектері

40

2

Жер учаскелерiн өңдеу бойынша жеке трактор иелерiнiң қызмет көрсетулерi

300

3

Үй жануарлары мен құстарды жаю

40

Көкшетау қалалық   
мәслихатының 2009 жылғы
30 наурыздағы № С-22/10
шешіміне № 3 қосымша 

Көкшетау қаласының аумағында тіркелген салық ставкалары

р/р

Салық салу объектілері

Бір объектінің айлық салықтың АЕК мөлшері

1

Ойынды бір ойыншымен өткізуге арналған  ұтыссыз ойын автоматтары

2,5

Ойынды бірнеше ойыншымен өткізуге арналған  ұтыссыз ойын автоматтары

3,5

2

Ойын өткізу үшін пайдаланатын жеке компьютер

2,5

3

Ойын жолы (боулинг)

42

4

Карт (картинг-жүргек кішілитрлі кузовсыз)

5

5

Бильярд үстелі

10

      Қысқарған сөздің толы жазылуы:
      АЕК - айлық есептік көрсеткіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады