Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдық тізбесі туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № А-3/73 қаулысы. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 сәуірде № 1-3-105 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағі № А-12/468 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 21.12.2012 № А-12/468 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18-бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С 15-2 «Лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға көтеруге құқылы ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет саласы мамандарының лауазымдық тізбелерін бекіту туралы» шешімінің негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға көтеруге құқылы ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет саласы мамандарының тізбелері, қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.М.Қанатоваға жүктелсін.
      3. Қаулы 2009 жылдың 1 қаңтардан бастап құқықтық қатынастарға түседі.
      4. Осы қаулы Ақкөл аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Үйсімбаев

Аудан әкімдігінің   
2009 жылғы 10 наурыздағы
№ А-3/73 қаулысына қосымша

Жалақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға көтеруге құқылы ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет саласы мамандардың лауазымдық тізбелері.

      1. Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:
      директор, директордың оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, медбибі, ұстаз-психолог, аға жетекші, білім беру ұйымының барлық мамандықтарының мұғалімі, тәрбиеші, кітапханашы, алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушысы.
      2. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласы мамандарының лауазымдары:
      Күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызмет көрсетуші, балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жөніндегі маман.
      3. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
      мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорынның басшысы, үйірме жетекшісі, музыкалық жетекші, аккомпаниатор, кітапханашы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады