Аршалы ауданының 2009 жылға жұмыс орындарының жалпы санынан мүгедектер үшін үш пайыз көлемде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № А-30 қаулысы. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 наурызда № 1-4-127 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № А-16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2010.01.22 № А-16 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылдың 13 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты  жұмыспен қамтутуралы» Заңдарына сәйкес, мүгедектерді жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болған, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қорғау мақсатында, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аршалы ауданында 2009 жылға жұмысшы орындарының жалпы  санынан мүгедектер үшін үш пайыз көлемінде жұмысшы орындары квотасын белгілесін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мәмбетов Талғат Жаңабергенұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оның бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік мерзімі өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аршалы ауданының
      әкімі                             Е.Маржықпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады