Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2010.01.22 № А-16 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан Соғысына қатысқандарға және мүгедектерге, сонымен қатар олармен теңдестірілгендерге жеңілдіктер мен әлеуметтік көмек туралы» 20 б. Заңдарына, Аршалы ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік Реестрде 2008 жылы 31 желтоқсанда № 1-4-122 ретпен тіркелген аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 11/2 «2009 жылға аудан бюджеті туралы» сессия шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылғы аудандық бюджетте қаралған айсайын қаражат есенбінен, бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде, коммуналдық қызмет көрсету шығындарына концлагерь тұтқындарына өтем ақы төлеуге көмек көрсету бойынша 2009 жылда қосымша шаралар белгіленсін.
2. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2009 жылға аудан бюджетінде қаралған концлагер тұтқындарына арналған қаржыны уақытылы пайдалануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Мәмбетов Талғат Жаңабергенұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы күшіне Аршалы ауданының әділет Басқармасында тіркеуден өткеннен кейін енеді және қолданысқа арнайы жарияланған кезден бастап кіреді.
Аршалы ауданының
әкімі Е. Маржықпаев