Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аймақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес және Аршалы кенті тұрғындарының 2009 жылғы 02 шілдедегі жиынының хаттамасын есепке ала отырып, Аршалы кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аршалы кенті көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Киров көшесі - Астана көшесіне,
Кооперативная көшесі - Т.Бигелдинов көшесіне.
2.Осы шешімнің орындалуын өз бақылауыма қалдырамын.
3. Аталмыш шешім Аршалы ауданының Әділет басқармасында тіркеуден өткен соң, ақпарат құралдарына бірінші ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Аршалы кентінің
әкімі Г.Ахимова