Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 2010.11.23 № 10 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережеге сәйкес, Аршалы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Ақмола облысы Аршалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 2010 жылғы қаңтар- наурызда тіркеу жылында он жеті жасқа толатын, 1993 жылы туған, еркек жынысты азаматтардың тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Аршалы ауданы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Ақшинеев Бекет Тұрсұнханұлына жүктелсін.
3. Осы шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі Е.Маржықпаев
КЕЛІСІЛГЕН:
«Ақмола облысы
Аршалы ауданының
Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы майор Р.С.Нүркеев