Арнасай ауылы, Бабатай станциясы көшелеріне жаңа атау беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай округі әкімінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 19 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 маусымда № 1-4-141 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес және Арнасай ауылындағы 2009 жылғы 03 сәуірдегі, Бабатай стансасындағы 2009 жылғы 06 сәуірдегі тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Арнасай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Арнасай ауылындағы келесі көшелерге төмендегідей жаңа атаулар берілсін: № 1 көшесіне – Желтоқсан атауы, № 2 көшесіне – И.Рождественский атауы, № 3 көшесіне – А.Молдағұлова атауы, № 4 көшесіне – С.Сейфуллин атауы, № 5 көшесіне – С.Қасенов атауы, № 6 көшесіне – 9 Май атауы, № 7 көшесіне – Мира атауы, № 8 көшесіне –  М.Әуезов атауы, № 9 көшесіне – Абай атауы, № 10 көшесіне – Абылайхан атауы. Бабатай стансасының келесі көшелеріне төмендегідей жаңа атаулар берілсін: № 1 көшесіне – Конституция атауы, № 2 көшесіне – Ш.Уәлиханов атауы, № 3 көшесіне – Бейбітшілік атауы, № 4 көшесіне –  Кенесары атауы, № 5 көшесіне – Б.Момышұлы атауы, № 6 көшесіне – Б. Саттарханов атауы, № 7 көшесіне – Ғ. Мүсүрепов атауы.
      2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өз жауапкершілігіме аламын.
      3. Аталмыш шешім Аршалы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткен сон, ақпарат кұралдарында бірінші рет жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

      Арнасай ауылдық
      округінің әкімі                               А. Гутяр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады