Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес және Бірсуат ауылындағы 2009 жылғы 10 сәуірдегі, Шалғай ауылындағы 2009 жылғы 13 сәуірдегі, Байдала селосындағы 2009 жылғы 15 сәуірдегі тұрғындар жиналысының хаттамаларын есепке ала отырып, Бірсуат селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.Бірсуат ауылындағы келесі көшелерге төмендегідей жана атаулар берілсін: № 1 көшеге – В.Т.Резников. атындағы атауы, № 2, № 3 көшелерін біріктіріп – Жеңіс атауы, № 4 көшеге – Бейбітшілік атауы, № 5, № 6, № 8 көшелерін біріктіріп – Достық атауы, № 7 көшеге – Республика атауы, № 9 көшеге – Береке атауы, № 10 көшеге – Сары-Арқа атауы.
Шалғай ауылындағы № 1 көшеге – Еңбек атауы берілсін.
Байдала селосындағы келесі көшелерге төмендегідей жана атаулар берілсін: № 1 көшеге - Әділет атауы, № 2 көшеге – Конституция атауы, № 3 көшеге – Тәуелсіздік атауы.
2.Осы шешімінің орындалуын бақылауды өз жауапкершілігіме аламын.
3.Аталмыш шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында тіркеуден өткен соң, ақпарат құралдарында бірінші рет жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Бірсуат селолық
округінің әкімі Г.Оралканова