Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына сәйкес және 2009 жылғы 14 сәуірде Константиновка селосында, 2009 жылғы 11 сәуірде Белоярка селосында, 2009 жылғы 10 сәуірде Шортанды селосында өткен жиындардың хаттамаларының есебі бойынша Константиновка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Константинов селосының көшелері төмендегідей атаулармен өзгертілсін: № 4 көшесі – Лесная деп аталсын, № 6, 7, 8, 9,15, 16 көшелерін біріктіріп – Жастар деп аталсын, №13, 14, 16, 17, 18 көшелерін біріктіріп – А.И.Киреев деп аталсын, № 2, 3 көшелерін біріктіріп - Набережная деп аталсын, № 9, 10, 11 көшелерін біріктіріп – Бейбітшілік деп аталсын, № 5, 12, 13, 14, 15, 16 көшелерін біріктіріп – Центральная деп аталсын, № 1 көшесі - Конституция деп аталсын, № 4, 5 көшелерін біріктіріп - Д.П.Чавро деп аталсын, № 16 көшесі – Литвинская деп аталсын, № 3 көшесі – Школьная деп аталсын, № 3, 4 көшелерін біріктіріп - Целинная деп аталсын, № 17 көшесі - Заречная деп аталсын.
2. Белоярка селосының көшелері төмендегідей атаулармен өзгертілсін: № 1 көшесі - Доманская деп аталсын, № 2 көшесі - Аксенова деп аталсын, № 4 көшесі - Центральная деп аталсын, № 3 көшесі - Набережная деп аталсын, № 5 көшесі – 9 Мая деп аталсын.
3. Шортанды селосының көшелері төмендегідей атаулармен өзгертілсін: № 1, 2 көшелерін біріктіріп - Центральная деп аталсын, № 2, 3 көшелерін біріктіріп - Школьная деп аталсын, 4, 5 көшелерін біріктіріп - Жастар деп аталсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз жауапкершілігіме қалдырамын.
5. Аталмыш шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында тіркеуден өткен соң ақпарат құралдарында бірінші рет жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Константинов селолық
округінің әкімі: Ж.Есенгартов