Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аймақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына сәйкес, Михайловка селосының 2009 жылғы 23 қазандағы тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Михайлов селолық округ әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Михайловка селосының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 көшеге - Жұмабек Ташенов атындағы атауы,
№ 2 көшеге - Тәуелсіздік атауы,
№ 3 көшеге - Кенесары атауы,
№ 4 көшеге - Достық атауы,
№ 5 көшеге - Бірлік атауы,
№ 6 көшеге - Заводская атауы,
№ 7 көшеге - Аубакиров атауы,
№ 8 көшеге - Әлия Молдағұлова атындағы атауы,
№ 9 көшеге - Мұхтар Әуезов атындағы атауы,
№ 10 көшеге - Еңбек атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы әкім шешімі Аршалы аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Михайлов селолық
округінің әкімі Ә.Балташев
КЕЛІСІЛДІ:
Аршалы ауданының «Сәулет
және құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекеменің бастығы А.Ибраев
«Аршалы ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекеменің бастығы А.Гросс