Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына сәйкес және Түрген ауылындағы 2009 жылғы 8 сәуірдегі хаттамасын, Красное озеро селосындағы 2009 жылғы 16 сәуірдегі хаттамасын, Родники селосындағы 2009 жылғы 21 сәуірдегі тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Түрген ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Түрген ауылының көшелеріне келесі атаулар: № 1 көшесіне - Есіл атауы, № 2 көшесіне - Жастар атауы, № 3 көшесіне - Жеңіс атауы, № 4 көшесіне - Береке атауы № 5 - көшесіне Достық атауы, № 6 - көшесіне Еңбек атауы берілсін.
Красное озеро селосының көшелеріне келесі атаулар: № 1 көшесіне - Қызыл атауы, № 2 - көшесіне Жасыл атауы , № 3 - көшесіне Мектеп атауы берілсін.
Родники селосының көшелелеріне келесі атаулар: № 1 көшесіне - Центральная атауы, № 2 көшесіне - Озерная атауы, № 3 көшесіне - Родниковская атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз жауапкершілігіме аламын.
3. Аталмыш шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында тіркеуден өткен соң, ақпарат құралдарында бірінші рет жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Түрген ауылдық
округінің әкімі Т.Липчанская