2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексіне сәйкес, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты шешім етті:
1. Атбасар аудандық мәслихатының 2005 жылғы 8 тамыздағы "Атбасар қаласы жерлерінің аумақтық шекарасын және жер салығы мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалық) құндық базалық ставкаларын түзету коэфициенттерін бекіту туралы" № С 20/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық тізілімінде № 1-5-14 тіркелген, 2005 жылғы 9 қыркүйекте "Атбасар" № 36 газетінде, 2005 жылғы 7 қыркүйекте "Простор" № 70 газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге преамбуладағы 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" № 209 кодексінің 338 бабы 1 тармағы (Салық кодексі)" сөзі мен саны "2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің" сөзімен санына ауыстырылсын.
2. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап және оны бірінші ресми жариялағаннан соң күн тізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Ахметов А.Б. |
Атбасар аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Борұмбаев Б.А. |
Келісілді: | |
Атбасар ауданының | |
әкімі | Әубәкіров Р.Ш. |
Атбасар ауданы бойынша | |
салық басқармасының | |
бастығы | Садыков К.Н. |