Атбасар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 4С4/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 19 қазандағы № 4С21/6 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 қарашада № 1-5-123 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5С 7/4 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2012.06.27 № 5С 7/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жэне өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Атбасар аудандық мәслихатының «Тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С4/6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-5-89 тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпанда «Атбасар» және «Простор» газеттерінде жарияланған), Атбасар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 4С17/5 «Атбасар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы «Тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 4С4/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-5-116 тіркелген, 2009 жылғы 15 мамырдағы «Атбасар» № 19, «Простор» № 19 газеттерінде жарияланған) шешімімен өзгерістер енгізілген шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Ереженің 1 тарауындағы 1.1. тармағы «аз қамтылған отбасыларына» сөздерімен толықтырылсын;
      Ереженің 5 тараудағы 5.2 тармағындағы 1), 2), 3), 4) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
      «1) жеке куәлігінің көшірмесі»;
      «2) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі»;
      «3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі»;
      «4) тұрғын үйге құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесі, техникалық паспорт көшірмесі»;
      азат жолындағы «-№ 3 («Отбасының құрамы жэне тұрғын үйдің пайдалы алаңының көлемі туралы» анықтама) ПИК мөрімен және қолымен расталған және алынған кірістер туралы құжаттар» сөздері мен сандары алынып тасталсын.
      Ереженің 5 тарауындағы 5.3 тармағында «бас тарту және тағайындау» сөздерінен кейін келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын «шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге жазбаша түрде қабылданған шешім туралы хабарлайды».
      Ереженің 6 тараудағы 6.1. тарамағындағы «телефон үшін өтемақы - Республикалық бюджет қаражаты есебінен» сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап жэне оны бірінші ресми жариялағаннан соң күн тізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А.Т.Комбатыров

      Атбасар аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б.А.Борұмбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Атбасар ауданының
      әкімі                                      Р.Ш.Әубәкіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады