Тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2010 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 25 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қаңтарда № 1-5-129 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2010 жылғы 9 шілдедегі № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2010.07.09 № 12 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес Атбасар ауданының әкімі Шешім етті:
      1. Тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2010 жылғы қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесіне әскери есепке қою үшін «Ақмола облысы Атбасар қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Атбасар ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Ж.Қаженов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақмола облысы
      Атбасар қаласының
      қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі бастығы                           Ә.Әубәкіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады