Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан ауданы Колутон ауылдық округі әкімінің 27.03.2017 № 1 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Колутон ауылындағы көшелерді ауыстыру:
60 Лет Октября көшесі мен Элеваторная көшесін біріктіру жолымен Ілияс Есенберлин көшесіне;
Советская және Южная көшелерін біріктіру жолымен Кенесары көшесіне;
Комсомольская және Озерная көшелерін біріктіру жолымен Сәкен Сейфуллин көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуы бойынша бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Астрахан ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Колутон ауылдық округінің әкімі |
А.Жумабаев |