2009 жылы Бұланды ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № а-01/06 қаулысы. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 ақпанда № 1-7-73 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы № А-01/10 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2010.01.19 № А-01/10 қаулысымен.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес халықты жұмыспен қамтудағы мемлекеттік кепілдіктерді кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылды Бұланды ауданы бойынша жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын қалалық және ауылдық округтердің, кәсіпорындардың қосымшада берілген тізбесі бекітілсін.

      2. «Бұланды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен тіркелген күнге сәйкес кезек тәртібімен жіберсін.

      3. Қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы іс жүзінде істеген жұмысы үшін, аудандық бюджет қаражаты есебінен, 2009 жылға Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген ең аз айлық жалақы мөлшерінен аз емес көлемде төленсін.

      4. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-7-59 тіркелген, аудандық «Бұланды жаршысы - Вести Буланды» газетінің 2008 жылғы 15 ақпанындағы № 7 санында жарияланған «Бұланды ауданы бойынша 2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Бұланды ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы № а-1/2 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2009.15.05 № а-05/110 (2009 жылдың 5 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  А.Қ.Еслямоваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2009 жылғы 5 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      7. Қаулы Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және аудандық газетте ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының
      әкімі                                       Е.Б.Нұғыманов

      КЕЛІСІЛДІ

      Бұланды ауданы әкімдігі
      жанындағы шаруашылық
      жүргізу құқығындағы
      «Макинск-Жылу» мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорыны
      директорының міндетін атқарушы             В.Е.Мухин
      
      Бұланды ауданы әкімдігі
      жанындағы шаруашылық
      жүргізу құқығындағы
      «Макинск-Су» мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорнының
      директоры                                  С.В.Гранкин

Бұланды ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 20.01 № а-01-06
қаулысымен бекітілген

2009 жылы Бұланды ауданы бойынша жұмыссыз азаматтар үшін
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын қалалық және ауылдық округтердің, кәсіпорындардың тізбесі


р/с

Қалалық және ауылдық округтер, кәсіпорындар атауы

Қоғамдық жұмыстың түрлері

Адам саны

1.

«Айнакөл ауылдық округі әкімі-
нің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру және көркейту

2

2.

«Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру және көркейту

2

3.

«Вознесенка ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру және көркейту

5

4.

«Даниловка ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру және көркейту

4

5.

«Журавлевка ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру және көркейту

5

Жалғыз және қарт зейнеткерлер мен мүгедектерді күту

2

6.

«Ерголка ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру және көркейту

3

7.

«Капитоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру және көркейту

3

8.

«Карамышевка ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру және көркейту

4

9.

«Қараөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру және көркейту

8

10.

«Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру және көркейту

5

11.

«Новобратск ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру және көркейту

2

12.

«Макинск қаласы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Ұйымдастыруға байланысты курьерлік жұмыстар, үйлерге жүру және халық санағын өткізу, көпшілік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге көмектесу

27

13.

Бұланды ауданы әкімдігі жанындағы «Макинск-Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Коммуналдық шаруа-
шылыққа аумақты тазартуға көмектесу

4

14.

Бұланды ауданы әкімдігі жанындағы «Макинск- Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

Қардан қалашық салу, қардан тазарту, көгалдандыру және көркейту

24

Кестенің жалғасы:

Орындалатын айы

Істелетін жұмыстар көлемі  (шаршы метр)

Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты

Қатысушылар еңбекақы төлем мөлшері

Қаржыландыру көздері

Мамыр-
қыркүйек

12000

Еңбек шарты

Ең аз жалақыдан кем емес

Аудандық бюджет

Мамыр

13000

Еңбек шарты

Ең аз жалақыдан кем емес

Аудандық бюджет

Мамыр

30000

Еңбек шарты

Ең аз жалақыдан кем емес

Аудандық бюджет

Мамыр

24000

Еңбек шарты

Ең аз жалақыдан кем емес

Аудандық бюджет

Мамыр

31000

Еңбек шарты

Ең аз жалақыдан кем емес

Аудандық бюджет

Жыл бойы


Еңбек шарты

Ең аз жалақыдан кем емес

Аудандық бюджет

Мамыр

20000

Еңбек шарты

Ең аз жалақыдан кем емес

Аудандық бюджет

Мамыр

21000

Еңбек шарты

Ең аз жалақыдан кем емес

Аудандық бюджет

Мамыр-
қыркүйек

24000

Еңбек шарты

Ең аз жалақыдан кем емес

Аудандық бюджет

Мамыр-
қыркүйек

50000

Еңбек шарты

Ең аз жалақыдан кем емес

Аудандық бюджет

Мамыр-
қыркүйек

32000

Еңбек шарты

Ең аз жалақыдан кем емес

Аудандық бюджет

Мамыр-
қыркүйек

12000

Еңбек шарты

Ең аз жалақыдан кем емес

Аудандық бюджет

Жыл бойы


Еңбек шарты

Ең аз жалақыдан кем емес

Аудандық бюджет

Жыл бойы

24000

Еңбек шарты

Ең аз жалақыдан кем емес

Аудандық бюджет

Жыл бойы

150000

Еңбек шарты

Ең аз жалақыдан кем емес

Аудандық бюджет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады