Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/25 шешімімен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау ережесіне толықтырулар туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 маусымдағы № 4С-18/2 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 шілдеде № 1-7-86 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 4С-25/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2010.02.10 № 4С-25/7 шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес және Бұланды ауданы әкімдігінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау ережесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2556 тіркелген, 2004 жылғы 02 шілдедегі «Вести Бұланды жаршысы» газетінде жарияланған және кейін:
      нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2816 тіркелген, 2004 жылғы 15 қазандағы «Вести Бұланды жаршысы» газетінің № 42 санында жарияланған, «Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесіне толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 21 қыркүйектегі № 3С-13/5 шешіммен; нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3063 тіркелген, 2005 жылғы 18 наурыздағы «Бұланды жаршысы» газетінің № 12 санында жарияланған, «Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесіне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы № 3С-17/2 шешіммен;
      нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-52 тіркелген, 2007 жылғы 19 қазандағы «Бұланды таңы» газетінің № 14, 2007 жылғы 19 қазандағы «Вести Бұланды жаршысы» газетінің № 42 санында жарияланған, «Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2007 жылғы 25 қыркүйектегі № 4С-3/2 шешіммен;
      нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-64 тіркелген, 2008 жылғы 18 сәуірдегі «Бұланды таңы» газетінің № 16, 2008 жылғы 18 сәуірдегі «Вести Бұланды жаршысы» газетінің № 16 санында жарияланған, «Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 14 наурыздағы № 4С-7/13 шешіммен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) келесі толықтырулар енгізілсін:
      4-тармақ келесі мазмұндағы 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8) концлагерьлердің тұтқындары.»;
      келесі мазмұндағы 9-7 тармақпен толықтырылсын:
      «9-7. 4-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген адамдарға «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Ақмола облыстық филиалының Бұланды аудандық бөлімшесі ұсынған тізімнің негізінде концлагерь тұтқындарының жеке шоттарына аудару арқылы аудандық бюджет есебінен коммуналдық қызмет шығындарын төлеу үшін ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төленсін.».
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
      3. Осы шешім 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      4. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті 18-сессияның
      төрағасы                                   С. Ержанов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    П. Веселов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бұланды ауданының әкімі                    Е. Нұғыманов

      «Бұланды аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            К. Есмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады