Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігің 2010.02.22 № а-2/46 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылыққа кездескен жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, оларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылы Егіндікөл ауданының ауылдары мен ауылдық округтердегі жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
2. Қоса беріліп отырған Егіндікөл ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты шарттары, қатысушылардың еңбек ақы мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.
3. «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімі бойынша, тіркеуге тұрған күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жіберуді жүзеге асырсын;
2) бірінші кезекте нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды жіберсін;
3) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстардың атқарылуына типтік шарттар жасасын.
4. «Егіндікөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2009 жылға арналған аудан бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаражаттар шектеуінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға мүдделі ауыл және ауылдық округ әкімдері 2009 жылға арналған өтінімдерді «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырсын.
6. Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № а-1/9 «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық Тізілімінде № 1-8-64 тіркелген, 2008 жылғы 29 ақпанда аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
8. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Егіндікөл ауданының әділет басқармасында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
9. Осы қаулының әрекеті 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі Б. Сұлтанов
КЕЛІСІЛДІ
«Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Қазбеков
КЕЛІСІЛДІ
«Егіндікөл ауданының қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Двороковская
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 9 ақпандағы
№ а-2/41 қаулысымен
бекітілді
Егіндікөл ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты шарттары, қатысушылардың еңбек ақы мөлшері және оларды қаржыландыру көздері
Ауыл немесе ауылдық округтің атауы |
Жұмыстың түрлері |
Адам-дар саны |
Орын-дал- |
Еңбек |
Жергілікті бюджеттен |
Абай ауылы |
Ауылды көгалдандыру және көркейту |
2 |
2700 м2 |
Толық емес жұмыс күні, ыңғайлы кесте |
80820 |
Аулаларды аралау және халықтың, малдың санағын алу |
1 |
480 сағ |
40410 |
||
Алакөл ауылдық округі |
Ауылды көгалдандыру және көркейту |
4 |
5400 м2 |
161640 |
|
Ұйымдарға аумақты жинауға көмектесу |
3 |
4500 м2 |
121230 |
||
Спиридоновка ауылы |
Ауылды көгалдандыру және көркейту |
2 |
2700 м2 |
80820 |
|
Аулаларды аралау және халықтың, малдың санағын алу |
1 |
480 сағ |
40410 |
||
Әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандарды жөндеу жұмыстары |
1 |
900 м2 |
40410 |
||
Бауман ауылдық округі |
Ұйымдарға аумақты жинауға көмек көрсету |
2 |
3000м2 |
80820 |
|
Ауылды көгалдандыру және көркейту |
4 |
5400 м2 |
161640 |
||
Буревестник ауылы |
Ауылды көгалдандыру және көркейту |
4 |
5400 м2 |
161640 |
|
Егіндікөл ауылы |
Ауылды көгалдандыру және көркейту |
14 |
21000 м2 |
565740 |
|
Аулаларды аралау және халықтың, малдың санағын алу |
4 |
2400 сағат |
161640 |
||
Су құбыры коммуникацияларын жөндеу |
2 |
960 сағ |
80820 |
||
Әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандарды жөндеу жұмыстары |
6 |
40000 м2 |
242460 |
||
Жануарларды ветеринарлық өңдеу жұмыстарына көмек көрсету |
2 |
960 сағат |
80820 |
||
Ұйымдарға аумақты жинауға көмек көрсету |
6 |
9000 м2 |
242460 |
||
Жалманқұлақ ауылдық округі |
Ауылды көгалдандыру және көркейту |
2 |
2700 м2 |
80820 |
|
Қоржынкөл ауылы |
Ауылды көгалдандыру және көркейту |
3 |
2700 м2 |
121230 |
|
Аулаларды аралау және халықтың, малдың санағын алу |
1 |
480 сағат |
40410 |
||
Ұзынкөл ауылдық округі |
Ауылды көгалдандыру және көркейту |
3 |
4050 м2 |
121230 |
|
Әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандарын жөндеу жұмыстары |
3 |
1800 м2 |
121230 |
||
ЖИЫНТЫҒЫ: |
70 |
2828700 |