2009 жылы Егіндікөл ауданының кәсіпорындарындағы жұмыс орындарының жалпы санынан мүгедектер үшін үш пайыз мөлшерінде жұмыс орнына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № а-2/65 қаулысы. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 наурызда № 1-8-78 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігің 2010 жылғы 22 ақпандағы № а-2/46 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігің 2010.02.22 № а-2/46 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына,  Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31  бабының 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды жұмыспен қамту мақсатымен Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылға арналған мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін құрылатын жұмыс орындарының саны мен кәсіпорындар тізбесі бекітілсін.
      2. «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      1) жұмыс орнының жалпы санынан мүгедектер үшін жұмыс орнына үш пайыз мөлшерінде квота белгілесін;
      2) мүгедектерді құрылатын жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Егіндікөл ауданы әкімдігінің «2008 жылы Егіндікөл ауданының кәсіпорындарындағы жұмыс орындарының жалпы санынан мүгедектер үшін үш  пайыз мөлшерінде жұмыс орнына квота белгілеу туралы» 2008 жылғы 30 қаңтардағы № а-1/19 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізімінде № 1-8-66 тіркелген, аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде 2008 жылғы 23 маусымда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
      5. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының әрекеті 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                           Б.Сұлтанов

      КЕЛІСІЛДІ

      «Егіндікөл ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                   А.Қазбеков

Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 27.02
№ а-2/65 қаулысымен
Бекітілді

2009 жылға арналған мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін
үш пайыздық квота бойынша құрылатын жұмыс
орындарының саны мен кәсіпорындардың
Тізбесі


р/с

Кәсіпорындар атауы

Жұмыс орындарының саны

1

ШЖҚ «Егіндікөл Су Арнасы» МКК(келісім бойынша)

1

2

«Сарымсақты» ЖШС (келісім бойынша)

1

3

«Шарафутдинов және К АШК» ЖШС (келісім бойынша)

1

4

«Армавир» ЖШС (келісім бойынша)

1


Жиынтығы:

4

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады