Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Кәсіпкерлік қызметін Егіндікөл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Е.Исаченко |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Р.Муллаянов |
КЕЛІСІЛДІ:
Егіндікөл ауданының әкімі |
Б.Сұлтанов |
КЕЛІСІЛДІ:
Егіндікөл ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы |
С.Чепижко |
КЕЛІСІЛДІ:
Егіндікөл ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы |
С.Придан |
КЕЛІСІЛДІ:
Егіндікөл ауданы қаржы бөлімінің бастығы |
Т.Двороковская |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 31 наурыздағы № 4С12-3 шешіміне қосымша |
Кәсіпкерлік қызметін Егіндікөл ауданының
аумағында жүзеге асыратын барлық салық
төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген
салық ставкалары
Рет № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың ставкалары (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 6 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 9 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4 | Ойын жолы | 15 |
5 | Карт | 6 |
6 | Бильярд үстелі | 10 |