Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С 10-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қаңтарда № 5717 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 6С20-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 30.01.2018 № 6С20-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2009 жылдың 31 наурыздағы № 4С12-3 "Кәсіпкерлік қызметін Егіндікөл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-8-80 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 сәуірінде "Шұғыла - Целинная нива" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Т.Бокишев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б.Абилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Егіндікөл ауданының әкімі Н.Төлепов

      2016 жылғы 24 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Егіндікөл ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" ММ басшысы
Т.Ахметуллин

      2016 жылғы 24 желтоқсан

  Егіндікөл аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 6С10-8 шешіміне
қосымша

Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

р/с №

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

6

2.

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

9

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2

4.

Ойын жолы

15

5.

Карт

6

6.

Бильярд үстелі

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады