2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 8 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қаңтарда № 1-9-141 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің 2010.12.08 № 7 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережелеріне сәйкес, Ерейментау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етсін.
      2. Ерейментау ауданы әкімінің «Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарға тіркеуді жүргізу туралы» 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-9-112 тіркелген, 2009 жылдың 14 наурызындағы «Ереймен» аудандық газетінде және 2009 жылдың 14 наурызындағы «Ерейментау» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Көшкінбаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н.Ә. Ережепов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақмола облысы Ерейментау
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығының                     Рақымбеков
      міндетін атқарушы                          Мұрат Жақсылықұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады