Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы селолық округінің Алғабас және Новокаменка селоларының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 8 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 қаңтарда № 1-9-139 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін ескере отырып Олжабай батыр атындағы селолық округ әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алғабас селосының көшесіне атау берілсін:
      № 1 көшеге Шайкен Тұрсынбаев атындағы атауы берілсін.
      2. Новокаменка селосының көшесіне атау берілсін:
      № 1 көшеге Рақымжан Қошқарбаев атындағы атауы берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауға өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Олжабай батыр атындағы
      селолық округ әкімі                        Б.И.Шапин

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ерейментау ауданының сәулет
      және қалақұрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекеменің бастығы              Н.К.Бәтенов

      «Ерейментау аудандық мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            М.Б.Әдірешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады