2009 жылы Еңбекшілдер ауданыныда қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № а-1/1 қаулысы. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 ақпанда № а-1/1 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы № А-2/4 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы № А-2/4 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару» Заңы 31-баптың 13-тармақ 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысына  сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды іске асыру жөніндегі мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбекшілдер ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2009 жылы жұмыссыздарға арнап ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.
      2. 2009 жылы Еңбекшілдер ауданында қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері мен көлемі, еңбектің жағдайы, еңбекақы мөлшері және оларды қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Еңбекшілдер ауданының  «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды 2009 жылға арналған бюджетте  осы мақсатқа көзделген қаржы мөлшерінде қамтамасыз етсін.
      4 Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.С. Омаровқа жүктелсін.
      5. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы  «2008 жылы Еңбекшілдер ауданында қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» № а-2/9 қаулысы (2008 жылғы 19 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің тіркеудің өңірлік тізімінде 1-10-69 нөмірімен тіркеліп «Жаңа дәуір» - «Сельская новь» газетінің 2008 жылғы 1 наурыздағы  № 18 санында жарияланған) өз күшін жойды деп танылсын.
      6. Аудан  әкімдігінің  осы қаулысы 2009 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған кұқықтық қатынастарға таралады.
      7.Осы қаулы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және аудандық «Жаңа дәуір» - «Сельская новь» газетінде ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                   Т. ХАМИТОВ

      КЕЛІСІЛДІ:

      Еңбекшілдер ауданының
      «Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы           Т.Е.Әбуова

      Еңбекшілдер ауданының
      «Қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы         А.Н.Бекенова
 

      Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
      2009 жылғы 8 қаңтардағы
      № а-1/1 қаулысымен
      бекітілді

2009 жылы Еңбекшілдер ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің, олардың түрлері, көлемі, қоғамдық жұмыстар шарттары, еңбекті төлеу мөлшері және оларды қаржыландыру көздері тізімі

Кәсіпорын атауы

Қоғамдық жұмыстар түрлері

Атқарылатын жұмыс көлемі

Қоғамдық жұмыстар шарттары

Еңбекті төлеу мөлшері

Қаржыландыру көздері

1

«Степняк қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты экологиялық сауықтыру. (көгалдандыру және көркейту). Аулаларды аралау. Шұңқырлы жолдарды жөндеу. Жол көрсеткіш белгілерін қою. Аз қамсыздандырылғандарды тексеру және әлеуметтік картамен жұмыс істеу барысында учаскелік комиссияға көмектесу, атаулы әлеуметтік көмек белгілеу, балаларға жәрдем ақы белгілеу. Иесіз қалған  құрылыстарды талқылауға көмектесу.
Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйлерін жөндеуге көмектесу.
Жеке тұлғаларға мүлік пен жер салығы туралы хабарламалар  тарату.
Аумақты қардан, мұздан тазалау, қар қалашығын салу.
Тұрғындарды құжаттандыру шараларын ұымдастыруға көмектесу.
Тіркеу және әскерге  шақыру кезінде комиссияға  көмек көрсету.
Тұрмысы нашар отбасыларын тексеру, шақыру қағазын тапсыру.
Құқықтық қорғау  органдарында алдын-алу жұмыстары.
Техникалық жұмысшылар ретінде  жұмыс істеу.
Аумақты тазалау, жөндеу жұмыстары.

2424,7

Еңбек келісім шарты

Ең төменгі жалақы мөлшерінең кем емес

Жергілікті бюджет

2

«Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты тазалау, аулаларды және көшелерді көң-қоқыстан тазалау.

80,8

Еңбек келісім шарты

Ең төменгі жалақы мөлшерінең кем емес

Жергілікті бюджет

3

«Аңғалбатыр ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты тазалау, аулаларды және көшелерді көң-қоқыстан тазалау. Аулаларды аралау.

282,9

Еңбек келісім шарты

Ең төменгі жалақы мөлшерінең кем емес

Жергілікті бюджет

4

«Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты тазалау, аулаларды және көшелерді көң-қоқыстан тазалау.

121,2

Еңбек келісім шарты

Ең төменгі жалақы мөлшерінең кем емес

Жергілікті бюджет

5

«Бірсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты тазалау, аулаларды және көшелерді көң-қоқыстан тазалау. Аулаларды аралау.

242,5

Еңбек келісім шарты

Ең төменгі жалақы мөлшерінең кем емес

Жергілікті бюджет

6

«Уәлихан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты тазалау, аулаларды және көшелерді көң-қоқыстан тазалау. Көркейту және көгалдандыру.

202,0

Еңбек келісім шарты

Ең төменгі жалақы мөлшерінең кем емес

Жергілікті бюджет

7

«Донской ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты  көркейту.

Аулаларды аралау.

242,5

Еңбек келісім шарты

Ең төменгі жалақы мөлшерінең кем емес

Жергілікті бюджет

8

«Кеңащы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты тазалау, аулаларды және көшелерді көң-қоқыстан тазалау.

40,4

Еңбек келісім шарты

Ең төменгі жалақы мөлшерінең кем емес

Жергілікті бюджет

9

«Краснофлот ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты көркейту. Аулаларды және көшелерді көң-қоқыстан тазалау. Аулаларды аралау.

202,0

Еңбек келісім шарты

Ең төменгі жалақы мөлшерінең кем емес

Жергілікті бюджет

10

«Үлгі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты көркейту. Аулаларды және көшелерді көң-қоқыстан тазалау. Аулаларды аралау. 

767,8

Еңбек келісім шарты

Ең төменгі жалақы мөлшерінең кем емес

Жергілікті бюджет

11

«Заурал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты көркейту.

40,4

Еңбек келісім шарты

Ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес

Жергілікті бюджет

12

«Макин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Аумақты тазалау, аулаларды және көшелерді көң-қоқыстан тазалау. Аулаларды аралау.

611,4

Еңбек келісім шарты

Ең төменгі жалақы мөлшерінең кем емес

Жергілікті бюджет


Барлығы аудан бойынша


5501,0




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады