Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 05.03.2013 № А-1/84 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына сәйкес, әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұлғаларға көмек көрсету, мүгедектерді қоғамға шоғырландыру үшін және оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д.Бралинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарыққа шыққан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі И.Қабдуғалиев