2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № 10 шешімі. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 31 желтоқсанда № 1-13-101 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 10 шешімімен

      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 2009.01.13 № 01 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес, аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 2009.01.13 № 01 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      2. 2 тармақ алынып тасталды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 2010.01.13 № 01 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д. Бралинаға жүктелсін.
      4. Осы шешім Жақсы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданы әкімі                         И.Қабдуғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Акмола облысы Жақсы ауданының
      корғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н.Мельников

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады