"2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы" Жақсы ауданы әкімінің 2009 жылғы 01 желтоқсандағы № 10 ешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 2010 жылғы 13 қаңтарда № 01 шешімі. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қаңтарда № 1-13-103 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 04-596 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 26.06.2013 № 04-596 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3337 баптарына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес, аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. «2010 жылдың қаңтар - наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Жақсы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы» Жақсы ауданы әкімінің 2009 жылғы 01 желтоқсандағы № 10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-13-101 тіркелген, «Жақсы жаршысы» газетінде 2010 жылдың 08 қаңтарында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      атауындағы «2010 жылдың қаңтар – наурызында еркек жынысты азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы» сөздері «2010 жылдың қаңтар – наурызында еркек жынысты азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» сөздеріне ауыстырылсын;
      1 тармақтағы «2010 жылдың қаңтар – наурызында еркек жынысты азаматтарды тіркеуді жүргізу» сөздері «2010 жылдың қаңтар – наурызында еркек жынысты азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету» сөздеріне ауыстырылсын;
      2 тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданының әкімі                      И.Қабдуғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Акмола облысы Жақсы ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н.Мельников

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады