Зеренді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 4 "2009 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін, ұйымдардың, мекемелердің тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 366 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 желтоқсанда № 1-14-126 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 наурыздағы № 83 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2010.03.16 № 83 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес және Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптау кеңесінің 2009 жылғы 3 тамыздағы № 4 хаттамасы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеренді ауданы әкімдігінің «2009 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін, ұйымдардың, мекемелердің тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-14-94 тіркелген, 2009 жылы 10 ақпанда «Зеренді» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      осы қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, ұйымдардың, мекемелердің тізбесінде, реттік нөмірлері 32, 33, 34 келесі мазмұндағы жолдарымен толықтырылсын:

«

32

Зеренді ауданының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мәдени-көпші-
лік шараларды ұйымдастыру

1

6

81600

Жергілікті бюджет

33

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Ақмола облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» аймақтық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Зеренді филиалы

Резервтік көшірмелер құру, деректерді мұрағаттау

1

1

81600

Жергілікті бюджет

34

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы

Қоқысты тазалау, екпе ағаштарын күту

6

3

255800

Жергілікті бюджет

»;
      «Барлығы» жолында «4985.0» саны «5404.0» санымен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Сағдиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы Көлік және
      коммуникация министрлігі Автомобиль
      жолдары комитетінің «Қазақавтожол»
      шаруашылық жүргізу құқығындағы
      республикалық мемлекеттік
      кәсіпорнының Ақмола облыстық
      филиалының директоры                -      Молдахметов Т.Д.

      Қазақстан Республикасы Әділет
      министрлігінің Тіркеу қызметі
      және құқықтық көмек көрсету
      комитетінің Ақмола облысы бойынша
      «Жылжымайтын мүлік жөніндегі
      орталық» аймақтық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорнының
      Зеренді филиалының басқарушысы      -      Сүлейменов С.Қ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады