Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының" сөзі "ауылының" сөзімен ауыстырылды – Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 27.04.2017 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Туполевка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Самарбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 27.04.2017 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Туполевка ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – Әлібек Ташибаев атындағы атауы;
№ 2 көшеге – Қантай атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Т.Секенов |
КЕЛІСІЛДІ:
Зеренді ауданы "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
В.М.Петрова |
Зеренді ауданы "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Ә.М.Райымбекова |