Қорғалжын ауданында 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 07 қаулысы. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 ақпанда № 1-15-117 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2009.01.13 № 4 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қантарындағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 13 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантарындағы Заңының 20 бабына,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің» 7-8 тармақтарына сәйкес, тұрақты  жұмыс орнын іздеуде қиындықтарға тап болатын жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және оларды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылы Қорғалжын ауданы ұйымдарында,мекемелерінде ақылы қоғамдық жұмыс ұйымдастырылсын.
      2. 2009 жылға Қорғалжын ауданы бойынша қоғамдық жұмыстың шартын,көлемін,түрлерін,еңбекақы мөлшерін және олардың қаржыландыру көздерін ұйымдастырушы мекемелер мен кәсіпорындардың қоса берілген тізбесі бекітілсін.
      3. «Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тіркеу уақытына сәйкес кезектілік тәртібімен жұмыссыздарды олардың келісімімен ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      4. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру 2009 жылға аудан бюджетінде қаралған қаражаттан тыс, Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген еңбекақының ең аз мөлшерінен кем емес көлемде жергілікті бюджет қаражаты есебінен және жұмыстың нақты орындалған көлемінде жүзеге асырылсын.
      5. «Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ақылы қоғамдық жұмыстарды орындауда жұмыс берушілермен қалыпты еңбек келісім-шарт жасасын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
      7. Қаулы Қорғалжын аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және аудандық газетте міндетті түрде жариялануы тиіс.

      Аудан әкімі:                       С.Р.Қасенов

      Келісілді:

      Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлім:                  Касенов С.Х.

      Қорғалжын ауданының
      мемлекеттік мұрагаты:            Темирова Ш.Ш.

      Аудандық поликлиника:              Үсенов А.О.
 
Аудандық әкімдігінің
2009 жылғы 26 қаңтарда
қаулысына қосымша

Қорғалжын ауданының жұмыссыздары үшін ұйымдастырылған қоғамдық жұмыстардың көлемі, түрі және ұйымдардың тізбесі
 
Мекемелердің аты

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Адамдар саны

Бір адамға айлық жалақы к-лемі

Қаржыландыру көзі

1

Амангелді ауылдық округі

Учаскелік комиссияға әлеуметтік картаны толтыруға және балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алушылардың материалдық жағдайын зерттеуге көмек көрсету, малдарды емдеу және профилактикалық жұмыс түрлерін жүргізу көмек көсету;
Аулдың экологиялық тазалығын сақтау, көгалдандыру, ауыз су құбырларын тазалау әскери міндеттілерге шақыруға көмек көрсету;
Ауылдың учаскелік инспекторға қоғамдық тәртіп сақтау шараларына көмек көрсету

8

13 470

Аудандық бюджет

2

Арықты ауылдық округі

Учаскелік комиссияға әлеуметтік картаны толтыруға және балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алушылардың материалдық жағдайын зерттеуге көмек көрсету, малдарды емдеу және профилактикалық жұмыс түрлерін жүргізу көмек көсету;
Аулдың экологиялық тазалығын сақтау, көгалдандыру, ауыз су құбырларын тазалау;
әскери міндеттілерге шақыруға көмек көрсету
Ауылдың учаскелік инспекторға қоғамдық тәртіп сақтау шараларына көмек көрсету

7

13 470

Аудандық бюджет

3

Қарашалғын ауылдық округі

4

Кенбидайық ауылдық округі

Учаскелік комиссияға әлеуметтік картаны толтыруға және балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алушылардың материалдық жағдайын зерттеуге көмек көрсету; малдарды емдеу және профилактикалық жұмыс түрлерін жүргізу көмек көсету;
Аулдың экологиялық тазалығын сақтау, көгалдандыру, ауыз су құбырларын тазалау
әскери міндеттілерге шақыруға көмек көрсету
Ауылдың учаскелік инспекторға қоғамдық тәртіп сақтау шараларына көмек көрсету

6

13 470

Аудандық бюджет

5

Қызылсай ауылдық округі

Учаскелік комиссияға әлеуметтік картаны толтыруға және балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алушылардың материалдық жағдайын зерттеуге көмек көрсету, малдарды емдеу және профилактикалық жұмыс түрлерін жүргізу көмек көрсету
Аулдың экологиялық тазалығын сақтау, көгалдандыру, ауыз су құбырларын тазалау;
әскери міндеттілерге шақыруға көмек көрсету
Ауылдың учаскелік инспекторға қоғамдық тәртіп сақтау шараларына көмек көрсету

7

13 470

Аудандық бюджет

6

Қорғалжын ауылдық округі

Учаскелік комиссияға әлеуметтік картаны толтыруға және балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алушылардың материалдық жағдайын зерттеуге көмек көрсету;Жалғыз қарт адамдарға, зейнеткерлерге және мүгедектерге көмек көрсету; малдарды емдеу және профилактикалық жұмыс түрлерін жүргізу көмек көрсету
Аулдың экологиялық тазалығын сақтау, көгалдандыру, таза су құбырларын тазалау;
әскери міндеттілерге шақыруға көмек көрсету

40

13 470

Аудандық бюджет

7

Коммуна ауылдық округі

Учаскелік комиссияға әлеуметтік картаны толтыруға және балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алушылардың материалдық жағдайын зерттеуге көмек көрсету, малдарды емдеу және профилактикалық жұмыс түрлерін жүргізу көмек көсету;
Аулдың экологиялық тазалығын сақтау, көгалдандыру, ауыз су құбырларын тазалау;
тал көшеттерін отырғызу, саябақтарға күтім көрсету;
иесіз ғимараттарды бұзу;
мекендерді қардан және мұздан тазарту

10

13 470

Аудандық бюджет

8

Сабынды ауылдық округі

Учаскелік комиссияға әлеуметтік картаны толтыруға және балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алушылардың материалдық жағдайын зерттеуге көмек көрсету; малдарды емдеу және профилактикалық жұмыс түрлерін жүргізу көмек көсету;
Аулдың экологиялық тазалығын сақтау, көгалдандыру, ауызсу құбырларын тазалау; әскери міндеттілерге шақыруға көмек көрсету
Ауылдың учаскелік инспекторға қоғамдық тәртіп сақтау шараларына көмек көрсету

7

13 470

Аудандық бюджет

9

«Өрлеу» МКМ

Мемлекеттік мекемеге көмек беру, көгаландыруға (тұрмысты- коммуналдық шаруашылық) Қорғалжын ауылының манайын тазалауда, көгаландыруда ауылдың экологиялық тазалығын сақтау, жолдың шұнқырларын тегістуге көмек көрсету, жол белгілерін орнату; манайды қар мен мұздан және иесіз қалған құрылыс объектерін тазалау;

2

13 470

Аудандық бюджет

10

Қорғаныс бөлімі

Аудандық қорғаныс бөлімінің жөндеу жұмыстарына қатысу, әскери міндеттілерге шақыруға көмек көрсету

2

13 470

Аудандық бюджет

11

Қорғалжын ауданының мемлекеттік мұрағаты

Аудандық мемлекеттік мұрағатының жөндеу жұмыстарына қатысу, құжаттарды реттеуге көмек көрсету

2

13 470

Аудандық бюджет

12

Аудандық поликлиника

Мекеменің жөндеу жұмыстарына, тазалауда, көгаландыруда қатысу,

2

13 470

Аудандық бюджет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады