«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Арықты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Арықты ауылына келесі көшелер атауы берілсін:
№ 1 көшесіне – Төлеубаев Жақан атауы берілсін;
№ 2 көшесіне - Ленин атауы берілсін;
№ 3 көшесіне – Абай Құнанбаев атауы берілсін;
№ 4 көшеге - Жамбыл Жабаев атауы берілсін.
2. Сулыкөл ауылының № 1 көшесіне - Ыбырай Алтынсарин атауы берілсін.
3. Култай ауылының № 1 көшесіне – Сәкен Сейфуллин атауы берілсін.
4. Садырбай ауылының № 1 көшесіне – Абай Құнанбаев атауы берілсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арықты ауылының
әкімі А.Б.Ысқақов
КЕЛІСІЛДІ:
«Қорғалжын ауданының
мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Г.К.Сыздыкова