Кеңбидайық ауыл округінің елді мекендеріне көшелер атауын беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Кеңбидайық ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 24 шілдедегі № 05 шешімі. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 тамызда № 1-15-133 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Кеңбидайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Кеңбидайық ауылына келесі көше атаулары берілсін:
      № 1 көшесіне – Қ. Рақымжанов атауы берілсін
      № 2 көшесіне - С.Сейфуллин атауы берілсін
      № 3 көшесіне – Т.Бигельдинов атауы берілсін.
      2. Екпінді ауылының № 1 көшесіне – Абай Құнанбаев атауы берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Қорғалжын ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі:                      Б.Иманов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Қорғалжын ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Сыздыкова.Г.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады