Қызылсай ауылдық округінің елді-мекендеріне көшелер атауын беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қызылсай ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 09 шешімі. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 тамызда № 1-15-134 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Қызылсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Шалқар ауылына келесі көшелер атауы берілсін:
      № 1 көшесіне - Бауыржан Момышұлы атауы берілсін
      № 2 көшесіне - Жұмабек Ташенов атауы берілсін
      № 3 көшесіне - Абай Құнанбаев атауы берілсін.
      2. Үшсарт ауылының № 1 көшесіне Көбетей атауы берілсін.
      3. Алмас ауылының № 1 көшесіне Сәкен Сейфуллин атауы берілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі                        Қ.А.Баймұханов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қорғалжын ауданының
      Мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Г.К.Сыздыкова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады