Ойын бизнес жүйесінде суммарлық салықтың ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы № 9/8 шешімі. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 наурызда № 1-16-91 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 17/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2010.02.08 № 17/3 шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Салық және бюджетке  төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 422 бабының  2 тармағына сәйкес аудан әкімінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 04-17/138 ұсынысымен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ойын бизнес жүйесінде суммарлық салықтың ставкаларын
қосымшаға сәйкес бекітсін.
      2. Сандықтау аудан мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы №  32/2 «Ойын бизнес жүйесінде суммарлық салықтың жылдық ставкаларын бекіту туралы», (мемлекеттік нормативтік құқықтық кесімдердің
Аймақтық тізілімінде 2007 жылы 10 қаңтарда № 1-16-51 нөмірімен   тіркелген, 2007 жылы 17 қаңтарда № 6 «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған), Сандықтау аудан мәслихатының 2008 жылғы 14 наурыздағы  № 4/5 «Аудан мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 32/2 «Ойын бизнес жүйесінде суммарлық салықтың жылдық ставкасын бекіту туралы»   шешіміне өзгеріс еңгізу туралы шешімі, (мемлекеттік нормативтік
құқықтық кесімдердің Аймақтық тізілімінде 2008 жылы 7 ақпанда № 1-16-72 нөмірімен тіркелген, 2008 жылы 16 сәуірде № 30 «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған), шешімі күшін жойды деп есептелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының бюджеттік, әлуметтік-экономикалық дамыту және экология жөніндегі
тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және «Сандыктауские  вести» газеттінде жарияланған күннен бастап қолданысықа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                     Ш.Докаев

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                               Ш.Сабержанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Сандықтау ауданы
      бойынша салық
      басқармасының бастығы                   М.Мустафин

      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің
      бастығы                                 Н.Мурашиди
 

Сандықтау аудан мәслихатының
2009 жылғы 11 ақпандағы № 9/8
шешімімен бекітілген
қосымшасы
 

Рет

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады