2010 жылға арналған жер салығының базалық ставкаларын арттыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 165/25-4 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қаңтарда № 1-17-130 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 174/27-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2010.04.09 № 174/27-4 шешімімен

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 387 бабының 1 тармағына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауылшаруашылығы мақсатындағы, елді мекендердің (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда), өнеркәсіп жерлері 2010 жылға арналған жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға арттырылсын.
      2. Осы шешім Целиноград ауданы әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы               Т.Қуандықов

      Целиноград аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Б.Мәжіренов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министрлігінің
      Ақмола облысы бойынша
      Салық Комитетінің
      Целиноград ауданы бойынша
      Салық Департаментінің
      Салық Басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А.Мелдебеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады