Ақмол ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 2 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 қыркүйекте № 1-17-105 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыcы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Ақмол ауылы тұрғындары жиналысының 2009 жылдың 03 шілдесіндегі хаттамасын есепке ала отырып, Ақмол ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ақмол ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      № 1 көшеге - «Ілияс Есенберлин» атауы,
      № 2 көшеге - «Шоқан Уәлиханов» атауы,
      № 3 көшеге - «Сәкен Сейфуллин» атауы,
      № 4 көшеге - «Қапан Мухамеджанов» атауы,
      № 5 көшеге - «Бейімбет Майлин» атауы,
      № 6 көшеге - «Ілияс Жансүгіров» атауы,
      № 7 көшеге - «Наурыз» атауы,
      № 8 көшеге - «Мәлік Ғабдуллин» атауы,
      № 9 көшеге - «Сәбит Мұқанов» атауы,
      № 10 көшеге - «Людмила Русланова» атауы,
      № 11 көшеге - «Қорғалжын» атауы,
      № 12 көшеге - «Мұхтар Әуезов» атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмол ауылдық
      округінің әкімі                            А.Мурзагельдиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Целиноград ауданының
      мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Ш.Өтегенова

      «Целиноград ауданының
      сәулет және
      қалақұрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А.Сағымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады