«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыcы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, 2009 жылдың 14 қыркүйектегі Ақмол ауылының тұрғындар жиналыстарының № 12 хаттамасын есепке ала отырып, Ақмол ауыл округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ақмол ауылының шағын ауданына «Бақыт» атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмол ауылдық
округінің әкімі А.Мурзагельдиев
КЕЛІСІЛДІ:
«Целиноград ауданының
Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ш.Өтегенова
«Целиноград ауданының
Сәулет және қала
құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Сағымбаев