Ақмол ауылының көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 5 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 қарашада № 1-17-123 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыcы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, 2009 жылдың 24 қыркүйектегі Ақмол ауылының тұрғындар жиналыстарының № 2 хаттамасын есепке ала отырып, Ақмол ауыл округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ақмол ауылының Космонавтов көшесінің атауы Шайкен Исенов атындағы көшесіне өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмол ауылдық
      округінің әкімі                            А.Мурзагельдиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Целиноград ауданының
      мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы:                       Ш.Өтегенова

      «Целиноград ауданының
      сәулет және қалақұрылыс
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы:                       А.Сағымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады