Бірлік ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Оразақ ауылдық аймағы әкімінің 2009 жылғы 20 тамыздағы № 14 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 қазанда № 1-17-120 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, 2009 жылдың 20 шілдесіндегі Бірлік ауылының тұрғындар жиналыстарының № 5 хаттамасын есепке ала отырып, Оразақ ауыл аймағының әкімі ШЕШТІ:
      1. Бірлік ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      № 1 көшеге - «Бейбітшілік» атауы,
      № 2 көшеге - «Тәуелсіздік» атауы,
      № 3 көшеге - «Орталық» атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Оразақ ауыл аймағының әкімі                Қ.Жанпеисов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Целиноград ауданы мәдениет
      және тілдерді дамыту Бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Өтегенова Ш.К.

      «Целиноград ауданы сәулет
      және қала құрылыс бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Сағымбаев А.Е.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады