«Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыcы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Сарыкөл ауылы тұрғындары жиналыстарының 2009 жылдың 12 маусымындағы № 9 хаттамасын есепке ала отырып, Рахымжан Қошқарбаев ауылдық аймағының Әкімі ШЕШТІ:
1. Сарыкөл ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – «Бейбітшілік» атауы,
№ 2 көшеге – «Достық» атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рахымжан Қошқарбаев
ауыл аймағының әкімі
міндетін атқарушы А.Кнабаев
КЕЛІСІЛДІ:
«Целиноград ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш.Өтегенова
«Целиноград ауданының сәулет және
қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А.Сағымбаев