«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Занының 35 бабының 2 тармағына, «Қазакстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы түралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қаратомар, Отаутүскен ауылдары тұрғындары жиналыстарының 2009 жылдың 2 маусымындағы № 6, № 7 хаттамаларын есепке ала отырып, Шалқар ауыл аймағының әкімі ШЕШТІ:
1. Көшелерге атаулар берілсін:
Қаратомар ауылында:
№ 1 көшеге – «Дина Нұрпейісова» атауы;
Отаутүскен ауылында:
№ 1 көшеге - «Құрманғазы» атауы,
№ 2 көшеге - Мұстафа Шоқай» атауы,
№ 3 көшеге – «Оралхан Бөкей» атауы,
№ 4 көшеге – «Шәмші Қалдаяқов» атауы,
№ 5 көшеге – «Ақан Сері» атауы;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын;
3. Осы шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Шалқар ауыл
аймағының әкімі Қ.Ташетов
КЕЛІСІЛДІ:
«Целиноград ауданының
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ш.Өтегенова
«Целиноград ауданының
сәулет және
қалақұрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Сагымбаев