Аудандық мәслихаттың 2007 жылдың 23 шілдесіндегі "Азаматтардың жеке санаттарына бір жолғы әлеуметік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" № С-34/5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы № С-13/4 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 наурызда № 1-18-66 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 ақпандағы № С-24/11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2010.02.26 № С-24/11 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсанындағы  Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылдың 24 наурызындағы
Заңының 28 бабына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шортанды ауданы мәслихатының 2007 жылдың 23 шілдесіндегі № С – 34/5 «Азаматтардың жеке санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-18-37 тіркелген, 2007 жылдың 27 қарашасында № 34 аудандық «Өрлеу» газетінде, 2007 жылдың 27 қарашасында № 41 аудандық «Вести» газетінде жарияланған) шешіміне аудандық мәслихаттың 2007 жылдың 14 желтоқсанындағы № С – 3/8 «Аудандық мәслихаттың 2007 жылдың 23 шілдесіндегі № С – 34/5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-18-43 тіркелген, 2008 жылдың 26 қаңтарында № 4 аудандық «Өрлеу» газетінде, 2008 жылдың 26 қаңтарында № 4 аудандық «Вести» газетінде жарияланған) шешіміне енгізілген кейінгі өзгертулер мен толықтырулармен бірге, 2008 жылдың 31 наурызындағы № С – 4/9 «Аудандық мәслихаттың 2007 жылдың 23 шілдесіндегі № 34/5 «Азаматтардың жеке санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-18-51 тіркелген, 2008 жылдың 12 сәуірінде № 15 аудандық «Өрлеу» газетінде, 2008 жылдың 2 сәуірінде № 15 аудандық «Вести» газетінде жарияланған), 2008 жылдың 4 шілдесіндегі № С – 6/6 «Аудандық мәслихаттың 2007 жылдың 23 шілдесіндегі № С – 34/5 «Азаматтардың жеке санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-18-57 тіркелген, 2008 жылдың 16 тамызында № 33 аудандық «Өрлеу» газетінде, 2008 жылдың 16 тамызында № 33 аудандық «Вести» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) шешімнің басталуы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсанындағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 6 бабына сәйкес»;
      2) көрсетілген шешіммен азаматтардың жеке санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілген:
      2 тармақтағы «2004 жылдың 24 сәуірі» күні «2008 жылдың 4 желтоқсаны» күніне ауыстырылсын.
      5 тармақ келесі мазмұнда жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Айрықша жағдайларда, өрт, су тасқыны, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы зілзалалық аппаттар кезінде бір жолғы
әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен артатын ауданның азаматтарының (отбасылары) алуға құқығы бар;
      10 тармақтың 5) тармақшасындағы «150» цифрлары «40» цифрларына ауыстырылсын.
      10 тармақ 9), 10), 11) тармақшалармен келесі мазмұнда
толықтырылсын:
      «9) «мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 1 және 2 топтың  мүгедектерін негізгі құралдармен қамтуға (кресло - арба) – 50 айлық есеп көрсеткішіне дейін»;
      10) «мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 1, 2, 3 топтың  мүгедектерін сауықтыруға – 40 айлық есеп көрсеткішіне дейін»;
      11) «мүгедектердің жарыстарда қатысуына - 5 айлық есеп
көрсеткішіне дейін»;
      10-1 тармақ алынсын.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда Шортанды аудандық мәслихатының 2009.10.29 № С-20/6
      2. Осы шешім Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған сәттен он күнтізбелік күн өткеннен бастап
қолданысқа кіреді.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрайымы                А.Коровина

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                          Г.Скирда

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудан әкімі                  С.Қамзебаев

      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы             Ж.Мұнтаева

      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің
      бастығы                            О.Мут

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады