Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес Шортанды ауданының тілдер саясаты және ономастика жөніндегі комиссиясының 2009 жылдың 16 қарашасындағы № 10 шешімі негізінде Дамса селосы тұрғындарының пікірі есебімен Дамса селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1.Дамса селолық округінің Дамса селосының құрамдық бөліктерінің қайта аталсын:
Советская көшесін - Құрмет көшесіне;
Мир көшесін - Достық көшесіне;
Целинная көшесін - Ерлік көшесіне;
Трудовая көшесін - Велижанцев көшесіне;
Первомайская көшесін - Бірлік көшесіне;
Степная көшесін - Көктем көшесіне.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Селолық округінің әкімі Ж.Абдрахманов
КЕЛІСІЛДІ:
Шортанды ауданының «Мәдениет
Және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.Бартош